Өлең, жыр, ақындар

Бесік тойға сценарий

2. Той басы:
Қош келіпсіз, жиналған құда-жегжат,
Алғыс айтам баршаңа келген сыйлап.
Ата-әже боп, қуанып сіздерменен –
Жақсылықты отырмыз бірге тойлап!

Бақыт екен «немере сүю» деген,
Дәл бүгінгі шаттықты күйім бөтен.
Балдай тәтті бөпеңді қолға алғанда -
Алпыс екі тамырың иеді екен.

Сіздерге де жақсылық жұғысты боп,
Барлық үйде той болсын, немере кеп.
Ал, халайық! Бастайық тойымызды,
Бата берсін атасы, дұға тілеп!
(Бата беріледі. Қонақтар астан ауыз тиеді.)

Қонақтарға сөз беру:
1- сөз: абысын, жеңге, қайынсіңлілер
Осы әулеттің қыздары бар бауырмал,
Біз мұңайсақ – бірге жаны ауырған.
Ағасының қуанышын бөлісіп,
Той-жиында ылғи жаннан табылған.

Яша, менен Мадинаға сөз берем,
Бұл тілекке қосылмағы жөн болған:
Абысыным – Раушан, жеңгем – Бақытгүл,
Екеуі де кең пейілді асылдан.

Бөлем – Ғалия,
Гүлнұр, Зина – қос әпкем,
Үшеуі де шын жанашыр, жақын жан!
Қайынсіңлі, әпке, бөле, жеңге, абысын,
Баршаңызға сөз кезегін ұсынам!

2-сөз:
Жолы үлкен құдалар бар бұрынғы,
Сыйлас болған, сырлас болған мың жылғы.
Немереме тілек тілеп, сөз сөйлеп,
Әнін айтсын, биін билеп көңілді, - деп ортаға Жәмила, Нұрлықыз құдағиларды зор қошеметпен шақырамыз!

3-сөз: Құда-құдағиға
Гүлназыма тәлім берген үлгілі,
Қамқор әке, ана болған жаны ізгі.
Жақсы оқытып, үздік маман болуға,
Үлес қосқан, бас құдалар сіздерді –

Шақырамыз, келіңіздер ортаға,
Құтты болсын, ортақ бақыт бүгінгі!
Ризамыз, сіздей құда бұйыртқан,
Жаратқанға айтамыз көп шүкірді!
Құдалар жақ түгел шықсын ортаға,
Бастап келген нағашы ата-әжесі!
Құрметті Ханкелдінің нағашылары, Гүлназдың ата-ана, аға-жеңге, әпке-сіңлі, іні-келін, туыс-бауыр жақындары! Барлықтарыңызды жиендеріңізге жылы лебіз, ақ тілек айтуға ортаға шақырамыз!
(құдағиға сый)
Құда болып жат елмен,
Ақ бесігін әкелген.
«Нағашы әже» атанып,
Бірге жылап, бір күлген.
Құдағиға тағамыз,
Алтын сырға, жүзікпен.
Тағып жүрсін тастамай,
«Естелік» деп біздерден!
(құдаға сый)
Құдамызға жабамыз -
«Құда шапан» сый жолмен!
Арта берсін сыйластық,
Көбейсін ортақ немерең!
Ақ сақалды, сары тісті,
Ата-әже боп, қартайып.
Аралайық әлемді,
Қол ұстасып сіздермен!
87051494122 тапсырыс үшін

Гүлмекен Қасенбайқызы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер