Жалқы мен тобыр – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жалқы мен тобыр» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6434
«Жұрт неге маған жауықты»,
деп өзің босқа кішірме.
Талантты болу қауіпті
талантсыздардың ішінде.
Жан жетпегенмен жүйрікке,
ызыңдар зулап соңында оқ.
Сыйламастардан сый күтпе –
кемеңгер – жалқы, тобыр көп.
Бір өзі көкке өрлей ме,
кездеспей жолында орсыз жер.
Тобырға мазақ ол кейде, -
өзімізбен бірдей болсын дер.
Тумысы бөлек кемеңгер
көсем болуға ұмтылмас.
Қара бас қамын жегендер
қарекет етуден бір тынбас.
Өтсе де өмірі: алды жар,
тылсым ба маңы, сор ма арты,
халқының даңқын қалдырар
түбінде әйтеуір сол жалқы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалқы мен тобыр өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жалқы мен тобыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалқы мен тобыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалқы мен тобыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері