Ардагерлерге арнау
Бұл бетте «Ардагерлерге арнау» атты altynaiomarova99 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ардагерлерге арнау
Еске түссе сол қасірет сол жылдар,
Жүректерді дірілдетіп ой салар.
Бойласақ тереңдетіп түбіне,
Ашылмаған сырлар жатыр бұл сөзде.
Қанды шайқас есте әлі бәрі де,
Батырлардың даңқты ісі әр жерде.
Аманаттап армандарын ақ таңға,
Кетті ұшып ақ арманның жолында.
Қан майданның жарасы әлі жүректе,
Біледі жұрт таниды оны әр кезде.
Айналған ақиқаттың туына,
Қаһармандар,батырларым әлбете.
Аналарым айырылды ұлынан,
Аруларым айырылды жарынан.
Қанша жанды жетім қылып өсірді,
Қасіретті соғыс сөздің зардабы.
Айырылса да талай батыр ұлдардан,
Кездессе де талай қиын сындарға.
Сенімменен,үмітпенен күтетін,
Естілетін асқақ жеңіс ұраның.
Міне,атты азаттықтың ақ таңы,
Ұмытпайды мәңгі еске алады.
Ерлікпенен қаза тапқан шайқаста,
Батырлардың ерен ісі жырланды.
Жас ұрпағым,жас буыным қарайла,
Өткен шаққа тарихтың терең қойнына.
Кешегі өткен дүлдүлдердің ер ісін,
Ерліктерін дәріптейтін сен ғана.
Сыйла оларды құрметтеп шыңға теңеп,
Жырлар жазшы арыстанға оңы теңеп.
Шалқып жүрген осы күннің арқасы,
Қаһармандар,ардагерлер еңбегі.
Оңайлықпен келді деме осы күн,
Қан төгіліп жаста ақты көзден мың.
Ардагерлер аман жүрші әр кезде,
Айналған жеңіс тойдың себебіне.
Авторы кім?
altynaiomarova99 деп тұр ғой
Керемет
Жақсы
Керемет
керемет
керемет
супер
Өте керемет,жүректі тебірентерліктей
ұнады, жарайсың
өте
керемет жазылған
Керемет оскенде акын боламын деген ой жокпа
Болар баланын бетин какпа белин бу!!!!!!!!!
Келешекте керемет ақын болатындығына кəміл сенемін
өленнің ішінде Афган деген бір сөз жок екен,мазмұны ашылмай тұр. Авторы жазылмаған
Бакыт. авторы altynaiomarova99 деп тұр ғой
Түсініксіз ғой
Ұнады
Керемет
Өте күшті супер
оте кушти такпак екен жаттап алдым
Өте керемет !
9шы мамыр мен үшін керемет
Өте керемет
Өте керемет! Маған ұнады Ардагерлер сіздерге мың алғыс! Мына ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ЕШКІМГЕ бағынбауымыз арайлап атқан таңымызды көруіміз өз елімізде еркін жүруіміз сіздердің арқаларыңыз. Аман болыңыздар. Мың алғыс айтамын
Авторы кім? Әдемі тақпақ екен!
Массаған