Жалын мен ырғақтар – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жалын мен ырғақтар» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1503
(аударма)

Жол бойында
кісендердің сыңғыры.
Жасыл орман құс әнімен мүлгіді.
Тәтті әуенін пальманың,
Кайатенің тамдарын,
көк шалғынды аялаған күн нұры
жалын алып жарын бүгін
біздің жердің жан-жағын,
алаулаған ақ жалын.
Үлкен жолдың бойында қаптаған ел,
қаптаған ел қаралы,
туған жерден қуылып,
бір ысып, бір суынып,
кекке толып жанары
шұбырады ұзақ жолдың бойында,
біткен барлық амалы,
шарасыздан қол қусырып барады.
Таңғы шапақ...
Тамтам үні...
Ырғақтар...
Қабақтарда мұң қатқан.
Сәуле шашып көрінген
таңдарға да ырғақтар,
тырнақтардың көбесінен төгілген
қандар да ырғақтар.
Қимылдарда, үндерде,
би баураған түндерде —
бәрінде де ырғақтар.
Жалын лаулап үрледі.
О, азапты Африканың үндері!

АГОСТИНЬО НЕТО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалын мен ырғақтар өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жалын мен ырғақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалын мен ырғақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалын мен ырғақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері