Егіннің бастары
Бұл бетте «Егіннің бастары» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 28.04.2015
- 1
- 52
- 225536
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.
оте жаксы
ахмет байтурсынулы оте дурыс айтты
Оте адеми жазгансын
жасмин дурыс аитасын биз согы жаттап жатирик
ахмет атамыз қанша қиындық көрсе де бәріне де төзетін мықты кісі болған
Ахмет Байтұрсынов əліппе кітабын басып шыққан
Оның өлеңдері:Алақойлар,қартайған арыстан,үлес,өгізбен бақа,Қайыршымен Қадыр,ат пен есек,егіннің бастары
Керемет өлең екен.Мәнерлеп оқығанға өте керемет
Отйнем маған шығарманың сюжетік композициясын тауып беріңіздерші
Бидай тәкаппар екен
Ахмет Байтұрсынұлының "адамдық диқаншысы"," егіннің бастары" мысалдарының сюжеттік ұқсастықтары қандай тауып бериниздерші
Оте күшті♥♥♥
Оте керемет
Өте керемет
Өте жақсы
Оте керемет
Кандай кушти осыны биз казир отип жатырмыз.Ахмет ата казак жауы емес акылшысы гой.Оны аткан адам жазасын алсын?
Сəлеметсіздерме!!!
Өте керемет
өте жақсы
Мағанда ұнады
Өте жақсы
Күшті
Керемет айтылган создер
Керемет
Өте ойлы жазған екен Ахмет атамыз дұрыс айтады
Оте кушті олең маган унаиды
Ия бізде осы тақырыппен жұмыс жасап жатырмыз
Және менің екі атам бар біреуі Ахмет Байтұрсынұлы ақын және Ахмет Байтұрсынұлы деген өз атам
Өтініш сіздер маған өлен құрап бере аласыздарма Ахмет Байтұрсынұлы
Өте, өте керемет аитылған өлең
Күшті
Күшті өлең жақсы
керемет
Өте керемет Маған ұнады
Аха
Ахмет Байтұрсынұлының Егіннің бастары өлеңі керемет
Өте керемет әрі тамаша өлең екен☺️
Өте керемет
Өте тамаша
Танымайсың
Оте дурыс☺️????????????
өте керемет ????
керемет осыны отып жатырмын
Оте дурыс айтылган❤️????❤️????????
Өте дұрыс айтылған ❤️ маған ұнады ????❤️
Маған Ахмет Байтұрсынұлы егінің бастары мысалы қатты ұнады өте дұрыс айтылған ❤️????
6767676766767676776 сикс севен
Өте жақсы мен жаттап жүрмін
Бізге жаттатқызып қойды мұғаліміміз ♀️
Менің атымның мағынасы қандай
Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» өлеңі адам мінезі мен өмірлік іс‑әрекетті бейнелеуде терең мағыналы мысал‑жыр ретінде көркем тілмен жеткізіледі. Өлеңде семіздіктен жоғары тұрғысы келетін бидай бейнесі арқылы адамгершілік пен тәкаппарлықтың айырмашылығы, дұрыс мінез бен өз басын төмен ұстаудың маңызы айқын көрсетілген.
☺️☺️☺️