Байқоңыр вальсі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Байқоңыр вальсі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3059
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Мен үшін Мекке – жәннат,
Өзіңсің туған жерім.
Әнім көкке самғап,
Белімді бұған жерім.
Байқоңыр – асқақ әнім,
Шалқимын, шаттанамын.
Менің дастан әнім,
Өзіңмен мақтанамын.

Қайырмасы:
Арайлап атқан ай, күні,
Байқоңыр – қазақ айбыны.
Жер менен көкті жалғаған,
Әлемге аты әйгілі.
Аялап әсем ән құсын,
Қырандар көкте қалқысын.
Билейік, достар, билейік,
Байқоңыр вальсі шалқысын.

Көңілім алып ұшқан,
Жүректен жарып ұшқан.
Саған – Алтын далам,
Ән жаздым сағыныштан.
Болсыншы халқым да аман,
Ақкөңіл, аңқылдаған.
Ғарышқа қанат қағып,
Жасай бер! Жарқын қалам!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байқоңыр вальсі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Байқоңыр вальсі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байқоңыр вальсі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байқоңыр вальсі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері