Алдардың әні

Бұл бетте «Алдардың әні» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3166
Әнін жазған Қуат Шілдебаев

Арынды елім
Атымды менің
Бекерге қоймаған Алдар деп.
Намысын қорғар,
Арысын қолдар
Алдымда тамаша таңдар көп.
Қайырмасы:
Мен – Алдармын, Алдармын,
Тура жолды таңдармын.
Керегі жоқ паңдардың,
Жылуы жоқ жандардың.
Адалдарды аңдармын,
Арамдарды алдармын.
Емеспін Алдар,
Жанымды жалдар,
Атымды қойғанмен Алдар деп.
Білетін мені,
Сүйетін мені
Өмірде өрелі жандар көп.
Қайырмасы.
Жарлыны жақтап,
Арлыны мақтап,
Сынаймын дүние қоңызды.
Халқымды сүю,
Жарқын бір жүру –
Негізгі мақсатым ең ізгі.
Қайырмасы.
Елімде ерке
Әнімді шерте,
Күлетін жерінде күлемін.
Таңдармен бірге,
Алдармен бірге
Жасайды мәңгілік ұлы елім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдардың әні өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алдардың әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдардың әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдардың әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері