Туған күн – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туған күн» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен туған күн қуантып бәрімізді,
Шарықтатты салтанат – сәнімізді, замандас.
Ақтарылып жүректен – ақ тілектер
Асқақтатты әдемі әнімізді, замандас.

Қайырмасы:
Құтты болсын туған күн,
Шарықтасын думанды үн
Арта берсін абырой,
Арман, мақсат қуған күн, замандас
Тірлігіңе тілейміз адамдықты,
Серік қылған сенімді адалдықты, замандас.
Алау етіп шындықты, жалау етіп,
Ар алдында бола біл қамал мықты, замандас.

Қайырмасы

Туған күнің тойлана берер тағы,
Думандатып дос-жаран келер тағы, замандас.
Бақыт пенен бөлесін шабытқа ерен,
Өміріңнің әрбір сәт, келер таңы, замандас.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күн өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Туған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері