Ерасыл

Бұл бетте «Ерасыл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1656
Ерасыл аты қалай келді ойға,
Кемелдік барын періште бойда
Қалай сезді екен ата-ана жүрек,
Тектілік сырына дегендей бойла.
Екі-ақ жаста өзі, мінезін көрші,
Марқасқа маңғаз, жүрегі де ерсі!
Бала боп әсте жеңілтектігі жоқ,
Тәрізді бір кемел елдің серісі.
Титімдей бөбек, жаралған ерек,
Өсе бер, берсін Алла өзі көмек.
Қазаққа кемел келешек қорған деп
Қояйын мен де бата беріп, демеп.
Тұлғасы болғын келешек ғасыр,
Ғалымбек, Күлима арманын асыл
Алла қолдасын тіл-көзден аман
Ержет титімдей сүйкімді Ерасыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерасыл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ерасыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерасыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерасыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері