Жайлау түні – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жайлау түні» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 737
Жайлау.
Түн.
Тыныш айнала.
Тынығып әлем мүлгиді,
Тек бұл сәт көкте ай ғана
Тыншымай баяу жылжиды.
Күмбезін аспан аралап,
Ақ шарбы бұлттар көшеді.
Жанға аса жайлы рахат
Тау жақтан самал еседі.
Түн тынысын сүйгендей,
Сыбырлай ағып бұлақ та,
Еркелеп назбен күлгендей
Жағада жасыл құраққа.
Толтырып еңбек есесін,
Тыныққан шаруа қауымы.
Босатып желі, өресін
Ұйқыда малшы ауылы.
Балауса көкке тойынған,
Мал жатыр жусап, тыныстап.
Жастар да тарап ойыннан,
Бозалаң тартты шығыс жақ.
Ыңылдап әнге салады.
Келіншек қарап көкке, айға.
Әннен бір ләззат табады
Сағынған жанын жоқтай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайлау түні өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жайлау түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайлау түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайлау түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері