Мұхтар ағаға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мұхтар ағаға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Секілденді босқа сөз
Жеткізбестей ойымды.
Көрсетіп қалғым келген жоқ,
Болмаса бүгін бойымды.
Өлеңнің үстем мерейі,
«Патшасы сөздің» дегеннен,
Мақұл көрдім, жақсы аға,
Құттықтауды өлеңмен.
Сезінемін анадай
Тәй-тәйлаған баланы
Ниетімді нәзік жыр
Жеткізе алса жарады.
Мақтанышын елінің
Қалайша жүрек жыр етпес!
Асыл аға, жүз жаса,
Біздер соған тілектес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар ағаға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар ағаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар ағаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар ағаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері