Жақсы екен аяз қысқаны – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жақсы екен аяз қысқаны» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Қадірін күннің білер ме!
Азабын түннің шекпеген.
Рахат сырын білер ме!
Маңдайдан терін төкпеген.
Жанымен жайраң күлер ме!
Басынан кейіс өтпеген.
Жалғыздық сырын білер ме!
Жүрмеген жиын көппенен.
Қадірін жаздың білер ме!
Қысылып қыста тоңбаған.
Биігін құздың білер ме!
Талдырып қанат қонбаған.
Саялы бақтың самалын
Сараламастай ұшқары,
Жинақы жүрер жақсы екен,
Аяздың да аздап қысқаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы екен аяз қысқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жақсы екен аяз қысқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсы екен аяз қысқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы екен аяз қысқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері