Ана

Бұл бетте «Ана» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 776
Атып тұрды орынынан, дыбысы
Шығып кетті жиіледі тынысы.
Сілкіп қалды, торғын көйлек толқыды,
Тәрізденіп судың сұлу толқыны.
Жұдырыққа солқылдатқан бүйірін,
Танданады көтеріп қап иінін
Торға түскен еліктейін дірілдеп,
Сәл отырып есін жиды біріндеп.
Аңқау жаны жайды жаңа ұғынып,
Қыршып қалды қызыл ернін жымырып.
Еміреніп тұнғыш сезім оянып,
Айдай жүзі кетті нұрға боялып.
Бүлдіршіндей бал бөбегі өзіне
Ұқсап қана елестеді көзіне.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері