Қызғаныш пен зұлымдық

Бұл бетте «Қызғаныш пен зұлымдық» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6408
Қызғаныш пен зұлымдық –
бақытсыздың құзыры.
Серігі сол ғұмырлық,
жоқтай өзге қызығы.
Тыныштық жоқ, маза жоқ
бақытсыздың жанында,
ішін өртер азап от
шарпығандай жалынға.
Талқан етер тасты да
қызғаныштың улары.
Зәр шашсам деп жақсыға
шырылдайды қу жаны.
Талайларды көлбетті,
арам, шірік ойы да.
Ызалансаң, ол дертті
жұқтырасың бойыңа.
Сыртымнан оқ атты деп
сен де садақ толғама;
адалдық пен ақ тілек –
қос қорғаның сол ғана!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғаныш пен зұлымдық өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қызғаныш пен зұлымдық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғаныш пен зұлымдық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғаныш пен зұлымдық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері