Ғажайып бір сәттер болған – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ғажайып бір сәттер болған» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 560
Ғажайып бір сәттер болған
Басыңа бақ құсы қонған
Ыстықта самал боп өбісіп,
Елемес суықты тоңған.
Ән салып аймағың тамам
Болмайтын көңілде налаң
Толқыған демдер тоғысып,
Бойында қалмайтын шамаң.
Ол сәтте аймағын жаңа,
Ақ мұнар ақыл мен сана...
Ес кеткен сол бір күндердің
Қалыпты елесі ғана.
Уақыт мойын бұрғызбай,
Арманды ұзақ қуғызбай
Көңілде көмескіленеді екен
Сөнермен алыс жұлдыздай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажайып бір сәттер болған өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ғажайып бір сәттер болған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажайып бір сәттер болған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғажайып бір сәттер болған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері