Тезірек көргім келеді

Бұл бетте «Тезірек көргім келеді» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1015
Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.
Бүгінгі құм суретін
Ұмытып, күндер келелі,
Келешек сұлу келбетін
Тезірек көргім келеді.
Мұнда сусыз сазарған
Сараң аспан, сары құм,
Сарқырап ағар сайлардан
Өзені жоқ, жары құм.
Адам қолы бірақ та,
Жайықтан, не Волгадан
Толқын төкпей тұрмақ па,
Көл жасауға Ордадан?!
Не бұл құмға қақсыған
Толқындар жер астымен
Келер, бәлкім, шапшыған
Көгала бұйра Каспийден?!
Ертең-ақ сары құмдарға
Сарқырап өзен келеді,
Ысырып тастап құмды
Орда Теңізге құлаш кереді.
Көңілім соны ақсауда,
Теңізін алда көрермін,
Ордаға бір күн мен сонда
Кемемен жүзіп келермін!
Сонда жолдас-жараным
Теңізден мені қарсы алар,
Кеменің қызыл жалауын
Жырларым шырқап жар салар.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тезірек көргім келеді өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Тезірек көргім келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тезірек көргім келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тезірек көргім келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері