Орман – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Орман» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 1
  • 12167
О, табиғат!
Хауанадай кәрі анам!
Орманыңа өзге көзбен қарағам:
Зәулім-зәулім перзенттерің болмаса,
Орта бойлы ұлдарыңның бәрі аман.
Менің өзім зордан емес, борданмын,
Зор боп тусам, мен де саған қорғанмын.
Сұлап жатыр самырсындар көк соққан
Опат болған батырындай орманның.
Төбесінде қыран ғана қалықтар
Тайгада бір мұңға шомған қалып бар:
Ана жерде,
Мына жерде
Әлгідей
Жасын түсіп,
Күйік шалған алыптар.
Мидай жазық жапан түзге тойған ем,
Мына нуға сосын әбден бойлап ем,
Орманнан да қалыңырақ
Ұйысқан
Жабағыдай
Батып қайттым ойға мен.
Ақылға бір сыймайсың-ау, ажал-ай!
Аспан кескен әділетсіз жазадай
Ну тайгадан таңдап-таңдап
Ең биік
Ағаштарға түсіпті ылғи найзағай!


Пікірлер (1)

Аяна

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орман өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері