Білмейміз өлгендерді

Бұл бетте «Білмейміз өлгендерді» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Білмейміз өлгендерді,
Бір белгі қалмаған соң;
Айтпаймыз сөнгендерді,
Алаулап жанбаған соң.

Сүрінсең таба алмас,
Сірə, мəн бермегендер.
Теңдікті бағаламас
Теперіш көрмегендер.

Егіліп жыламайды
Ешкімді ұқпағандар;
Биіктен құламайды
Биікке шықпағандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білмейміз өлгендерді өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Білмейміз өлгендерді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білмейміз өлгендерді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білмейміз өлгендерді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері