Айналайын! – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Айналайын!» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Айналайын!
Көп нəрседен қорқамын:
Көң боп жатқан,
Тоң боп жатқан сор қалың.
Есек шықпай кім шығады қодықтан?!
Өгіз болмай не болады торпағың?!
Сонда, досым, кім ойлайды ел қамын?!
Сонда, досым кім ойлайды жер қамын?!
Бірер сомға кітап алмай,
Жас ұрпақ
Шарап алып қайтама деп қорқамын!
Əсері көп айналаның.
Ортаның.
Сары майдан артық несі тортаның!
Домбыраға қимағанын
Дəлдүріш
Дабыраға шашама деп қорқамын!
Жарыта ма ойлап тегі шорқағың?
Заманы өткен барқыт пенен торқаның.
Бабалар жатқан жерді тегістеп,
Би алаңы жасайма деп қорқамын!
Толық емес,
Мұның өзі орта мұң.
Шындық керек,
Керегі жоқ жортаның!
Ақиқатты алдап - сулап,
Өтірік
Тағы қайтып келе ме деп қорқамын!
Бір ойласам,
Ойлайтыным сен,
Елім!
Орны бөлек арманыңдай көнемін.
Бабалардың даналығы
Ұрпаққа
Бір айналып соғады - ау деп сенемін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын! өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Айналайын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналайын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері