О, өтірік

Бұл бетте «О, өтірік» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 9993
О, өтірік!
Сары алтын сақаң қайсы?
Сақам бар деп бекерге қоқаңдайсың.
Сен мықтысың,
Ол рас.
Бірақ, бірақ
Мен күзеткен жерден сен өте алмайсың.
Өтірікке төзбейді
Болашағым.
Алдау барда тумайды тамаша күн.
Бәрін іркіп,
Майданға бара жатқан
Составтардай
Шындыққа жол ашамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, өтірік өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

О, өтірік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, өтірік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, өтірік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері