Шаштағы бүкіл əрекет – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шаштағы бүкіл əрекет» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шаштағы бүкіл əрекет
Сиреуменен бітеді.
Патшалық деген бəлекет
Күйреумен барып бітеді.

Достық дегенің, мархабат
Есеппен барып бітеді.
Махаббат деген, махаббат
Төсекпен барып бітеді.

Төсек деген де пəле бір,
Төліңмен барып бітеді.
Өмір дейміз ғой,
Сол өмір
Өліммен барып бітеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері