Өлең, жыр, ақындар

Айт батасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Айтың келген құт болсын,
Басыңа бақыт құс қонсын.
Бойдақтарың жұп болсын,
Өсіп-өніп жұрт болсын.
Төрт мүшең түгел сау болсын,
Ұл-қызың өсер бау болсын.
Қораң толы мал болсын,
Қадамың адал жол болсын.
Немере-шөпшек көп болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Жан-тәнің түгел аман боп,
Дертің болса ем қонсын.
Қабыл болсын ниетің,
Құл болғын Алла сүйетін.
Қадамың адал құт болсын,
Дұрыс жолмен жүретін.
Ағайын-көршің бар болсын,
Алғаның адал жар болсын.
Сөйлеген тілің сүйкімді,
Ащы емес шірін бал болсын.
Мінезің болсын жібектей,
Болмасын қатқан сүр еттей.
Орынды сөйлеп тұра жүр,
Өсек сөз айтып жыр етпей.
Кешіре біл адамды,
Ақылға жық санаңды.
Алла ғана жазалар,
Жақсы менен жаманды.
Көрмейін десең мұң-қайғы,
Намазға бер ыңғайды.
Аллаһым сонда сүйсініп,
Шуақты нұрын сыйлайды.
Харамға шашпа жиғанды,
Жүрегің болсын иманды.
Хаһ жолмен өткіз Алла деп,
Бес күндік мынау жалғанды.
Ал енді аумин қолды жай,
Тірлігің болсын тілге сай.
Жамандықтан сақтасын,
Баршаңды жалғыз бір Құдай.


Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .

Егер авторы өзіңіз болсаңыз автор деген жері бос қалу керек, - авторы өзім - деген белгі бар, соны басу керек басылу керек. Жазудың үстіне.

Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айт батасы өлеңінің авторы кім?

Нұрлан қажы Тотанов — осы өлеңнің авторы.

Айт батасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Айт батасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрлан қажы Тотанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айт батасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері