Аман болшы, Арысым
Қай ақынның тыңдасаң жыр ғаламын,
Есітесін Арысын жырлағанын.
Шәмші әнінде қуаныш сезім болса,
Бүгінгі күн сүйретті мұң қаламын.
Ауысқандай қайғыға жыр алаңы,
Басталғандай өмірдің бұралаңы.
Шулап жатыр Арыста бауырларым,
Жылан көрген құстай боп ұядағы.
Бұл бір емес бұрында болған жағдай,
Ес кірмей ме? басыңа қайғы салмай.
Халықың өліп жоғалса зарлағанша,
Көшіруге қойманы ақша тапсай.
Үш-төрт рет жарылыс болған жерден,
Оқ дәрінің қоймасы ауыспады.
Оқ даусына ауысып кеткеніме,
Арыстағы аққудың дауыстары.
Біле тұра сол жерде қауіп барын,
Алдын-ала көрмеген шараларын.
Ақ аспанды түнертіп тыныш кезде,
Шырқыратты-ау ана мен балаларын.
Көшіруге қойманы ақша жоқ деп,
Қай тіліңмен айтасың ұялмастан.
Ұрып тұр ғой соныда білмейсің бе
Ақшалардың обалы көкке шашқан.
Өз халқына немқурай болмау керек,
Тойларды да ебімен тойлау керек.
Астананың тойларын шетке сырып,
Қоймалардың жағдайын ойлау керек.
Ал ендеше кінәні іздегенше,
Түзеу керек қоғамның көзқарасын.
Талай құзғын тұс-тұстан жабылса да,
Шоқытпайды сауысқан өз баласын.
Ал біздерде құзғындар болмаса да,
Бейбіт өмір, тыныштық орнаса да.
Құзғындарды ұшырмай құз далаға,
Сары майдай сақтайды қоймасына.
Сақтаған соң оқ-дәрі қоймасына,
Дәл осындай күн туады ел басына.
Сақтық жоқта сау басың сауда болып,
Арпаластың Арыстың арнасыда.
Қасым-Жомарт аралап ел арасын,
Бауырына басқандай әр баласын.
Әділ патша болса егер кінәліні,
Өзі айтқандай аяусыз жазаласын.
Білем бірақ кінәлі табылмайды,
Босқа қазан қақпағы жабылмайды.
Айыпты боп тұрса да кедей барда,
Байсымаққа еш күйе жағылмайды.
Есіміне жараса Қасым-Жомарт,
Жомарттығын көрсетсін Арысыма.
Айландырып жіберсін Арысымды,
Қалалардың көш бастар Барысына.
Өзі айтқандай жоқ қылсын бомбаларды,
Көкке ұшырған Арыстай бір қаланы.
Естілмесін алдағы уақытта,
Қазақағымның еңіреп зарлағаны.
Іздемейік әркімнен айыпты біз,
Себібі біз бәріміз айыптымыз.
Бірлік болмай билік пен халықара,
Есе алмаймыз бір жаққа қайықты біз.
Халық мінген қайыққа ескегі жоқ,
Сыз өткенде төсейтін пөстегі жоқ.
Ескек пенен пөстекті тапқанменен,
Шенеуніктей иықта шекпені жоқ.
Патша болса халықты балам десін,
Құшағыма бәріңді алам десін.
Оқ оранған Арысты Оңтүстіктің,
Айдан сұлу қаласы қылам десін.
Елім деген патшаға ел ереді,
Ел мен бірге еліміз көркейеді.
Бірлік болмай билігің бөлек шапса,
Дәл осындай арпалыс күн көреді.
Не болса да бір Алла көріп тұрған,
Кімнің қандай екенін біліп тұрған.
Аман болсын Арыстық бауырларым,
Бастарына қайғы-мұң төніп тұрған.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі