Панасыз үміт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Панасыз үміт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Кiмдер қалай десе де
сiз де күйiп,
жанасыз.
...Дәл бүгiн мен көшеде
үмiт көрдiм панасыз.
Сол бiр үмiт безiп жүр
жан өзегiн талдырып...
Сол бiр үмiт кезiп жүр
қайыр сұрап,
қаңғырып!
Сол бiр үмiт наладан
жүдеп,
әбден жадаған, –
күдiк-иттер қабаған
қан жоса қып талаған.
Кiргiзбейдi, –
қарашы! –
Соқса да ажал дауылы –
қатыгездiк қаласы,
қатыгездiк ауылы!
Мұң-мұқтаждық қинаған
безедi үмiт ашынып, –
күнi бойы жинаған
тиындары шашылып.
Сол бiр үмiт,
сезiнем!
Алған жанын мұз етiп, –
Жас ағады көзiнен,
табанынан сыз өтiп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері