Бір тағдыр бар – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Бір тағдыр бар» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір тағдыр бар
Сыр әйнегі шытынап,
Арман оғы бытырап,
Шыңдықтан алшақ жатқан.

Бір тағдыр бар
Бастауы енді көрінген,
Өрнегі мықты өрілген,
Арманға орын төрінен.

Бір тағдыр бар
Жүрген екі арада
Ала алмай жүрген қалана
Түсе алмай жүрген шамаға.

Бәрінде бірдей сағаты
Жұмсарға берер Алладан
Жетпесін мейлі тағаты
Жетпесін мейлі шамасы
Болмасын Ізін қалмаған

Өмірің сенің қолында,
Шаттық пен қайғы жолында
Сәттерден ғана құралған
Кездесер бағың, сорың да.


Пікірлер (1)

makpalrakhatkyzy

Керемет екен, жарайсыз

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері