Іздедім – Қасен Мөлдір Жұмабайқызы

Бұл бетте «Іздедім» атты Қасен Мөлдір Жұмабайқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қиыры жоқ Ғасырдан іздедім
Тиымы жоқ Асылдан іздедім
Жиыны жоқ Жасымнан іздедім
Таба алмадым...

Жылуы жоқ Күннен іздедім
Қиығы жоқ Түннен іздедім
Сиқыры жоқ Үннен іздедім
Таба алмадым....

Арайлап атпас Таңымнан іздедім
Өзгеге топтас Бағымнан іздедім.
Жұғымы жұқпас Жанымнан іздедім
Таба алмадым...

Іздедім...
Таба алмадым...
Мен үшін
ЖАРАЛМАДЫН.....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері