Барады баппен аяңдап – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Барады баппен аяңдап» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 773
Барады баппен аяңдап,
Төбемнен алтын ай аунап.
Үркерім түсті жамбасқа,
Жұлдызым сөнді баяулап.
Дауылсыз дала тұншығар,
Дауылды тілеп тұр шынар.
Бұзылмай қалың қаймағы,
Қашанға дейін түн шыдар?
Ұйқыны артық мін көріп,
Оятар тағы күн келіп.
Бұйығып біраз қалғандай,
Бұлақтар тілі күрмеліп.
Серуендеп бұлттар тым жырақ,
Жай тауып жаны, тынды бақ.
Демдерін тартып ішіне,
Мызғиды таулар тұнжырап.
Жел соқса желпіп өтердей,
Жаңғырып дүние кетердей.
Жер жатыр жақсы түс көріп,
Жастықтан басын көтермей.

1974


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері