Таң күзетіп – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Таң күзетіп» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2664
Медет күтіп жарылқаушы Иемнен,
Өз отыма күнде жанып-күйем мен.
Талықпастан таң күзетіп шығады,
Қара көзім кірпігіне сүйенген.

Жас сәбидің жанарындай тұнық бір,
Мөлдір сезім жырда ғана тұнып тұр.
Шақтарымда қатты шаршап қалғыған,
Уа, Тәңірім, кірпігімді тынықтыр!

Жаным неге, жаным неге жаралы?
Көңіл неге, көңіл неге қаралы?
Рухымның мүлгіп кетпей жанары,
Кірпігіне сүйене алса жарады..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері