Өлең, жыр, ақындар

Қазақ сиқы

Сөз айтпаймын мен саған қитығардай,
Тұрмысыңның, қарашы, сиқы қандай?
Жалғыз үйден аумайсың жау тонаған,
Үрерге иті, сығарға биті қалмай.
Көк торсықтай су толған күмпілдейсің,
Көлденеңдеп өткенді құр тілдейсің.
Қара сабау жоныңа қатты тисе,
Жолға түскен күшіктей бүлкілдейсің.
Қарақшы боп өзіңнен туған бала,
Қан сигізді қашқанға, қуғанға да.
Қуат алып әйтеуір қалқиясың,
Желбіреген көктегі Тудан ғана.
Қаладағы үзгенмен қыздан күдер,
Жай­-күйіне жүрегің сыздап жүрер.
Ішіңдегі жалының басылар ма,
Қаңтардағы асасаң мұздан бірер?!
Қай ұшына білмейсің тартарыңды,
Күнде қиып қысқарған арқаныңды.
Қораңдағы қойыңнан үміт үзіп,
Түгендейсің таудағы арқарыңды.
Бойға біткен бұйырмай құтың­-дағы,
Төсеніштің қалмады бүтін жағы.
Екі қолың босамас борбайыңнан,
Тозған шалбар тоналса бұтыңдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай, сәулем

  • 0
  • 0

Ай, сәулем
Күлкіңнен маржан тамшылағандай,
Көзіңе қайтіп жан шыдағандай.
Несіпбек Айтұлы

Толық

Әуенмен жаным достаспай

  • 0
  • 0

Әуенмен жаным достаспай,
Әнімді менің тыңдар кім?..
Алмасым тұрса тот баспай,
Алмасын жырдың турармын.

Толық

Хат

  • 0
  • 0

Ағажан,
Көкпар қайда, торы ат қайда?
Будақ шаң енді қайтып боратпай ма?
Соңына сопаң етіп шыға келер,

Толық