Білмейсің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Білмейсің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Білесің айтқаныңа сенерімді
Сен үшін жырдан моншақ терерімді.
Сен үшін мекеніңнің адамдарын,
Өзгелерден жақындау көрерімді.

Білесің қоштасуға төзбесімді,
Бойыңа тақпасымды өзге сынды.
Қиялдың сен деп кезген сар даласын,
Шыйырлап өзге үшін кезбесімді.

Білесің сені арман етерімді.
Сенің ғана кінаңды кешерімді.
Білмейсің таусылғанда төзім деген,
Алыстап бір –ақ күнде кетерімді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері