Өлең, жыр, ақындар

Бал Қадиша

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1312
"Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Есілді бойлай біткен тал, Қадиша".
"Еркем"деп екі жеңгең ертіп жүрер,
Қадірің Хан қызындай бар, Қадиша.

Ақ сүйрік саусақтарың үлбіреген,
Майысқан әр қимылың бір- бір өлең.
Көрген жан келбетіңнен көзін алмай,
Бозбала дей алмайтын "ділгір емен".

Қадиша!
Дидары- жаз, көзі-көктем.
Түскен бір пері дерсің өзі көктен.
Үзілтіп таңға дейін ән салғанда,
Ақанның қолы жетпей, сөзі жеткен.

Тең едің көп ішінен, санаулыға.
Қойды ма қырық жігіт қарауылға?
Уақытты шегеруге мүмкін болса,
Барар ем сол дәуірге , сол ауылға!

"Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша"...
Мұңымыз саған айтар бар, Қадиша:
Құлатпай, қолтықтайтын қос жеңге жоқ,
Біз жүрген жолдың шеті жар, Қадиша!

Кейбіреу өзі құлар жар дегенге.
Қадиша қалар ма едің, "қал"дегенде?
Сері Ақан айналғандай мұзарт шыңға,
"Рұқсат бізден сізге, бар"дегенде!

"Ауылың қонды екен" деп "қайдан жырақ?"
Қайтты екен, қанша жігіт тойдан жылап?
Тұрғылас күйеуіңді "шал еді"деп,
Пысықтар сөз қыстырған ойдан құрап.

Өзіне ұқсатыпты дала-сері,
Төгілген ән мен жыр бол нала, шері.
Даланың, Ақан деген-төл перзенті,
Қазақтың онан кейін, баласы еді.

Шапқанда желден озар Құлагері,
Бүркіті бұлт үстінде құмар еді.
Ғаламның мың нотасын ән ғып өрген,
Байырғы бекзат күннің мұрагері.

Әнменен қандай ғажап сырды ақтарған,
Жүрегің әуеніне құндақталған.
Жүйкеміз жүнжіп бітті бұл күндері,
Ойсыз сөз, осқырынған ырғақтардан....

Қадиша!
Ұрпақтарың жүр ме еліңде?
Белгің қап, дауысы мен жүздерінде?
Ер салар арғымаққа күн болар ма,
Бауырын Жыландының бір көруге?!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем келер

  • 0
  • 0

Бұлт айықса аспанды тұмшаламай,
Өтер ме едік алаңсыз күн санамай.
Жатыр дел-сал алматы туыттан соң,
Талығып қалғып кеткен тұмса анадай.

Толық

Ақжайықтың бетінде ай екеуміз…

  • 0
  • 0

Қайық шөлдеп қарбытып толқын жұтты,
Ақжайықтың бетінде ай екеуміз.
Оттан қашып хош көрген салқындықты,
Бірімізге біріміз сай екенбіз.

Толық

Ойласам жүзім нұрланар

  • 0
  • 0

Тулайды жүрек атыңды,
Естісе тайдай тұяқты.
Лап ете қалам көргенде,
От келе жатқан сияқты.

Толық