Ұнаған қыран көзің бе – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұнаған қыран көзің бе» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Ұнаған қыран көзің бе,
Беймәлім, жұмбақ бұл маған.
Өзіңе деген сезімге,
Еріксіз енді құл болам...
Жақын ғып бізді жаратқан,
Болайын айтшы, кімге алаң.
Сен жайлы өсек таратқан,
Өзгенің сөзін тыңдаман.
Өмірім өлмес өлеңдей,
Бермеші мейлі, күн маған.
Найзағай түскен емендей,
Өртенем, жаным, күл болам.
Қиялмен іздеп жүз бардым,
Айналып күнім түс, түнге.
Көздерден сені қызғандым,
Көзімнің жасын іштім де.
Демейсің, сүйіп «күл еркем»,
Айналдым бейбақ мүскінге.
Сезімім сендік күні ертең,
Күлімнің гүлдер үстінде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері