Жаратқанның рұқсатынсыз түспес

Бұл бетте «Жаратқанның рұқсатынсыз түспес» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес
әр жапырақтың тағдыры ерек...
Жапырағым-ай жанымыз түстес,
Айтып келдің бе тағы бір дерек;
Хақ екендігін өлім көршінің,
Жырлай келдің бе көңіл қонағым?
Еліктейтінім, менің бір шыным,
Ақша бұлттарға жеңіл қонатын,
баяу көшетін...
солармен бірге
мұратын тапқан жан бар ма, сірә?
Жапырақтармен сыңардай мен де,
Қарсы алатыным таңдарды күле...
Сүйсінетінім, қызғанатыным;
Нөсерлі жауын, тәж киген шыңды,
Күн батқан шақта аздаған мәнім –
Еркелетемін әлдилеп гүлді.
Шұғыла қонған сәби кірпігін,
Тәубаға келген пенденің демін,
Бөгде бөлген нан және бір тілім,
Қайықтың үнін желкенін керген.
Терезелерге сіңген іңірді,
Пақырдың әрі сатылмас арын.
Осы бояулы күлгін өмірде,
Ойсыз күндер ме, жаңылтпаш бәрі.
Сәбилік ескен мекенді айтшы?
Көңіл қай жақта мөлдірлік тұнған?..
«Жақсы адам» дейсің, мен енді... қойшы...
Өткен бе? Өткен...
Күлдіріп қалған...
Жапырағым-ай жүрегім түстес,
Тербелген лепке тәнім-бағында.
Жақындап қапты... Білемін... Күз бе?..
Жапырақ түссе Тәңірі «қолында»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаратқанның рұқсатынсыз түспес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері