Сарыағаш самалы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Сарыағаш самалы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалдың ба ұнатып Сарыағаш самалын,
Жүрекке жидың ба жұпарын даланың?
Оңтүстік аспаны тұратын алаулап,
Одан да отты екен, жас құрбым, жанарың.

Қайырмасы:
Көктемнің балбыраған құрағындай,
Еліктің жаудыраған лағындай.
Балауса балғын жүзім,
Бақытым – бал-қызығым,
Жарығым – жан жұлдызым,
Балқытар Сарыағаштың бұлағындай.

Лебіндей көктемнің мөп-мөлдір ауасы,
Көгілдір таулардың, баулардың арасы.
Жаным-ау, жалғыз-ақ өзің бе гүл атқан –
Құмартқан жүректің мың да бір дауасы.

Қайырмасы:

Жырға да, нұрға да бөленді ән-өлкем,
Өзіңді сағынып тұрамын таңертең.
Жайнатқан аспанды жұлдыздай жарқырап,
Жанымда мәңгілік жүрсеңші, жан еркем.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері