Бұрылысты уақыт төтелетіп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бұрылысты уақыт төтелетіп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Бұрылысты уақыт төтелетіп,
Кешегімді бүгінім бекер етіп.
«Ертең ертең» деп жүріп, еркелетіп –
Келген өмір, басымнан кетеді өтіп...
Қайталаймын үзілген әке өмірін,
Бағын аңсап қайтемін жат елінің?
Өкініш боп сыздатар жүрегімді,
Қызбалықпен жіберген қателігім.
Көз алдымнан өтеді нелер елес,
Ғашықтардың ақылы келе ме кеш.
Арман айым жастық шақ, көктемімді –
Аялдату қолымнан келер емес...
Өмір теңіз, толқынын тіліп кемем,
Күрес сырын біртіндеп біліп келем.
Сезімімді сабақтап орта жолға
Жақындаппын, ілесіп үмітке мен.
Жетемін деп бір отты қуып келем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері