Өлең, жыр, ақындар

Бозторғай

  • 28.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3876
Әдейі мынау қыр үшін
Оянып таңның алдында,
Даланың сансыз дыбысын
Көмейге құйып алдың ба?

Самалдың жұтып мөлдірін,
Шаншылып көкке шыққанда,
Далаңның мына кеңдігін
Айтасың ба ақша бұлттарға?

Қарайлап төмен сонда да,
Көзіңді жерден жазбайсың.
Өзің де кенет сорғалап,
Құйылып кете жаздайсың.

Тынбайды жырың толастап,
Осынша қайдан бітті күш,
Табиғат өзі о баста
Далама берген құтты құс?!

Жанымда бір күй дірілдеп,
Тұрдым-ау, балғын сезімде,
Кеудеме сіңген бір үнді
Қайталап айтқан кезіңде.

Төгілте шырқап әніңді,
Бозала таңнан құлшынып,
Кеттің-ау, қозғап қанымды,
Күнәсіз құйттай тіршілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлын

  • 0
  • 0

Табиғаттың осындай бір қастығын
Көрмейін деп бұлт астына қашты күн.
Жаңа ғана енесіне жай түсіп,
Жапан дүзде қала берді жас құлын.

Толық

Геологтар әні

  • 0
  • 0

Геологтар әні
Шалқар дала, шың-құздармен
Біздер біргеміз.

Толық

Анама хат

  • 0
  • 0

Анама хат - Сағи Жиенбаев
Көз алдымда суретің тұр, жан анам,
Жалғызыңа сағынышпен қараған.
Көптен бері қайтпай жүрген қаладан.

Толық