Өлең, жыр, ақындар

Оймауыт

  • 28.04.2020
  • 0
  • 0
  • 5613
Бір өзің жайлап жалғанды,
Жатырсың шалғай аймақта,
Жастанып құба жоңдарды,
Шаң мен шудан аулақта.

Төбенің үсті, сай іші,
Даланың жұмсақ саздары –
Көктемгі жаңбыр дауысы,
Көктегі құстың назды әні.

Шайқалып кеткен шалғыннан,
Көгілдір моншақ төгіліп,
Көктемнен қалған айдынға
Жатасың жаздай шомылып.

Жөңкіліп сонау биіктен,
Адырдан қарғып, алды орап,
Барады заулап киіктер
Артына тастап ақ жолақ.

Шолып тұр байтақ даласын,
Аруана қырда желпініп,
Аспан мен жердің арасын
Бір өзі ғана толтырып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дала жұлдыздары

  • 0
  • 0

Дала жұлдыздары
Армысыңдар, даланың қырандары – құрбылар!
Қол жетпейтін армандай қияндағы, қияндағы құрбылар!
Сағи Жиенбаев

Толық

Аққуым

  • 0
  • 0

Аққуым
Құштар еді гүл-көктемнің лебіне,
Көктемменен бірге еді оның демі де.
Сағи Жиенбаев

Толық

Жаңа жыл жыры

  • 0
  • 0

Жаңа жыл жыры
Жаңа жыл бүгін!
Бәрі де бүгін жап-жаңа.
Сағи Жиенбаев

Толық

Қарап көріңіз