Бұзауқан – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Бұзауқан» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылы жерде балбырап,
Жан-жағыңа жаудырап,
Жатамысың, әукешім,
Жалғыз өзің маужырап.

Тұрмаймысың, батырым,
Жетпей ме әлде батылың.
Жердің қандай екенін
Білмеймісің ақырын.

Қалыпсың ғой жетіліп,
Табан тіреп, бекініп.
Қатты ма, әлде жұмсақ па,
Көрші, кәне, секіріп.

Айналаңды шолып көр,
Қалай екен, желіп көр.
Содан кейін енеңді
Өзің барып еміп көр.

Сонда бәрін білерсің,
Жайнарсың да түлерсің.
Қанша қусам, ұстатпай,
Қашқалақтап жүрерсің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері