Әлия – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Әлия» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл – балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшiн,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгi жасап жерде ендi,
Биiк бол деп таулардан,
Сенiң балғын бейнеңдi
Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бiрге соқсын дүрсiлдеп,
Туған жермен жүрегiң.
Ауасында жүрсiң сен –
Әнге қосып жүр елiң.


Пікірлер (1)

Назым

Рахмет!!!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері