Ойнар едім – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ойнар едім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен,

Құлдыр-құлдыр құлынмен,
Ұзын мұрын піліммен,

Салпаң құлақ күшікпен,
Сақалы жоқ мысықпен,

Тікенекті кірпімен,
Тілі сүйрік түлкімен,

Тағы, тағы, тағы мен
Ойнар едім бәрімен.

Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен.

Апам маған әрдайым:
«Көп ойнама сен», – дейді.

Өзімнің де апамды
Мазалағым келмейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері