Өлең, жыр, ақындар

Жалғасы бар ...

Азаттықты ата-бабам арман ерткен,
Осы жолда қаншама қанын төккен.
Елін , жерін болашақ ұрпақ үшін,
Сақтап бізге , «аманат» табыс еткен.

Білек күші танылар тар заманда,
Танылды бабаларым әр майданда.
Батыр елім көрсеткен ерлігіне,
Бас иемін қашан да тағзым ете.

Бүгінгі азаттығы байтақ елдің,
Арқасы кешегі өткен батыр ердің.
Жер емес қазіргінің тайталасы,
Табылу қатарынан ҮЗДІК елдің.

Дербес елдің басынан үзілмейтін ,
Мәселенің жоғына шүкір деймін.
Қоғам мен адамдардың жібін жалғап,
Қатынасын түзеймін , көрінбейтін.

Міне, сол басты міндет мақсат тұтқан,
Көш ілгері көріну өзге жұрттан.
Тәңірім тарту еткен сый дер едім
Астанада өтілген «ЕХРО»-ны ұтқан.

Суреттеу сұлулығын бас қаланың,
Жігерін , ертеңіне бастаманың .
Сыйдыру 1 өлеңге мүмкін емес,
Сол үшін сипаттауды бастамадым.

Қағазға баяндадым көргенімді,
«ЕХРО»-ға, Астанаға келгенімді.
Алға тартам «Мың мәрте естігеннен,
Бір мәрте көрген артық» деген сөзді.

Мен қалай бұны оңай баяндадым?!
Бірақ-та, өлең үшін аянбадым.
«Мен бәрін білдім, болдым» деп шарықтап,
Тіліммен жағыма кеп таянбадым.

Үйрендім , үйретті күндер өте-өте,
Әр ағысты ақтардым жеке-жеке.
Мен дұрыс бастамаға бой түзеппін,
Көз жеткізіп, бәрін де білдім кеше.

Мен елімнің ерікті ұланымын ,
Өлең-сөздің мен де бір сыңарымын.
Айғақтап бұл сөзімді керек емес,
Дәлелі ғой дәл осында тұрғанымның.

Мен дағы - Тәуелсіз ел перзентімін,
Сан жақтан , сан тараптан терген білім.
Білімменен танылар бұл ғасырда,
Білімімді паш етіп мен келемін.

Мен – азатпын, егемендік таңы атты,
Әр қазақ өмірде өз орнын тапты.
«Дүниеге кірпіш болып қалан», - деген ,
Санамда дана Абайдың сөзі қапты.

Халқым үшін аянбай қызмет ету,
Болашақ оқығанның бар мақсаты,
Июі жақсы кірпіш мүжілмейді,
Білімі берік болса бойындағы.

Мен , кірпіш , Ерік елдің тірегімін ,
Отанымның айбатты жүрегімін.
Байрақты көк туымды жоғары ұстар,
Тәуелсіз Қазақстан жігерімін.

Мен – жаспын, піспегенмін шаласы бар ,
Алайда , бір арнамын, саласын бар .
Мен мұнымен тоқтамаймын, өсем әлі,
Сондықтан , күтіңіздер, жалғасы бар...





Пікірлер (3)

asema10

Жалғасын күтеміз , қалқам ! 

Мұқаңның мұрасын сақтайтын жастардың барына шын қуаныштымын!!!yesyesheart

asema10

Жалғасын күтеміз , қалқам ! 

Мұқаңның мұрасын сақтайтын жастардың барына шын қуаныштымын!!!yes

Шалкар Динара

Акын Сарам менин дарынына оте тапти болдым, бииктен самгап, шыннан коринуинди жане онериннин табысты болуына шын тилектеспиз, Алла Жар болсын !!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз