Төрт амал – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Төрт амал» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 838
Уақыт күйін кім солардай шерте алар,
Тылсымдарға кім төтеден жол табар?
Дүниенің төрт бұрышы секілді
Бар ғылымның түп атасы – төрт амал.
Өмір заңы айнымайды тегіннен –
Қосу,
Алу,
Көбейтуден,
Бөлуден.
Төрт мезгілден тұрады адам ғұмыры –
Ту у,
Ө с у,
Қартаюдан,
Өлуден.
Тіршіліктің шешілмеген есебі,
Әлі талай қолдан-қолға көшеді.
Королевқа ғарыш кілтін ұстатқан
Архимедтер, Галилейлер кешегі.
Жету үшін алыстарға тым анау,
Аздық қылар телескоптан сығалау.
Өмір бойы шешілмейтін бір жұмбақ,
Мүмкін, адам жүрегінде шығар-ау?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері