Таңғы шықтың тағдыры – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Таңғы шықтың тағдыры» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3998
Жарық дүние жалғасындай,
Ай нұрынан тамды сүт.
Қара түннің көз жасындай,
Мөлдіреген таңғы шық.

Сезетіндей көп тұрмасын,
Дірілдейді тізіліп.
Жел тербесе шөптің басын,
Жерге түсер үзіліп.

Бар тіршілік шөл қандырар,
Төгілгенде таң нұры.
Кімді бірақ толғандырар,
Таңғы шықтың тағдыры?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері