Жағда Бабалықты еске алу – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жағда Бабалықты еске алу» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2252
Уын жұтып заманның өзегіңе құйылған,
Сары атандай саз кешіп, сүрлеу салдың қиыннан.
Тасқа соғып төсіңді, алып шықтың көшіңді,
Өрмекшінің торындай тағдыр салған шиырдан.

Қараша үйдің бүтіндеп арқан-жібін қиылған,
Қазағыңды қорғадың қаптай соққан құйыннан.
Ұлт үмітін ақтадың, тәбәріктей сақтадың,
Сынық түйме табылса, халқың тұтқан бұйымнан.

Мойның озып сұңқардай алқа топта жиылған,
Олжа салдың ортаңа, Тәңір берген сыйыңнан.
Сағынғанмен бүгінде, сөзіңді естіп тіріңде,
Бізде де арман бар ма екен, сізден сарқыт бұйырған,

Тілін тауып уақыттың, сауын сауған тиыннан,
Қарыз алып жұртың жүр, келер жылға биылдан.
Көзімді сап қарасам өткен менен кеткенге,
Өзің құсап бұрқылдап бу шығады миымнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері