Әріптестерімді жігерлендіру – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Әріптестерімді жігерлендіру» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Махаббат пен мейірімнен жаралған,
«Білім» атты, даналықтан нәр алған.
Үйде — ана, келін, жұбай, қыз болып,
Ал мектепте — сәйгүліктей бап алған.

Жаны — нәзік, жүректері — мейірлі,
Мұңайса да, көрінетін көңілді...
Отбасы мен қатар сүйреп мектебін,
Шаршамайтын...
Біздің қыздар ең ізгі..!!!

Биылғы жыл — болсын тағы табысты,
Жібермейік, өтер ешбір жарысты.
Шәкірттерді Құлагердей жаратып,
Оятайық, ұйықтап жатқан намысты!

Алға «АйСаф», оқу жылы басталды,
Арқамызға «ұлы міндет» тасталды.
Өнеге боп ісіміз бен біліммен,
Даярлайық ең үлгілі қыздарды!

Гүлмекен Қасенбай
03.09.2023


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар