Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы сабақ

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1903
Қаулыға сай қазақ тобы ашылып,
Мұғалім оған ашынып,
Дегбірін қашырып,
Түйіп алып қабағын,
Кенеп алып тамағын,
Алғашқы сабағын
Анатомиядан бастады.
Бірақ, тілі күрмеліп,
Бірде келмей, бір келіп,
Уақыт алға баспады:
– Жолдастар,
Анатомия – адам туралы ғылым,
Содан бастаймыз бүгін.
Так, адам бастан тұрады,
Бас шаштан тұрады,
Көз бен қастан тұрады.
Одан төменде ауыз болады,
Ауыз деген тойымсыз жауыз болады.
Одан кейін желке келеді,
Желке келте келеді.
Одан төмен омыртқа келеді,
Омыртқадан қабыртқа өнеді.
Одан төмен аяқ болады,
Аяқ деген екі таяқ болады, –
Деп барып орамалын сілкіп алды,
Маңдай терін сүртіп алды.
Сол кезде бір студент сұрақ қойды,
Сұрағанда да сынап қойды:
– Ағай,
Қабырға мен аяқтың арасында
Бір нәрсе болу керек шамасында?
– Е, ол жерде тазик болады,
Тазик белге қазық болады.
Еркектердікі сопақ,
Әйелдердікі жазық болады.
Және адамдық жыныс болады,
Жынысты атамаған дұрыс болады.
Екінші студент:
– Жыныс мұшесі, – деп түзетті,
Мұғалімнің қаны бетіне тыз етті.
Бәшбай, бақай, тобықты
Есіне түсіре алмай торықты,
Әрі шатастырам ба деп қорықты.
Енді ішкі құрылысқа көшпек еді,
Тағы да біраз бөспек еді,
Өзін-өзі қанша күштеді,
Ағза деген сөз аузына түспеді.
Орысша сөйлегенде шауып кететін,
Небір сөздерді тауып кететін.
Енді тұсаулы аттай тыпырлап қалды,
Сөздік қоры таусылып, тықырлап қалды.
Сағатына бір қарап,
Кітабына бір қарап,
Желкесін бір қасып.
Не айтарын білмей, тым сасып,
Қара тер боп тұр еді,
Қабыл болып тілегі,
Қоңырау да қағылды-ау,
Уһ, керек енді дамылдау.
* * *
Мұғалімнің қайтып келер-келмесі,
Келер сабақты берер-бермесі
Қазірше жұмбақ болып тұр.
Өйткені, қазақша қалыптасу,
Терминдерді анық басу
Барынша қымбат болып тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаруа мен жылан

  • 0
  • 0

Жылан келіп Шаруадан өтінді,
Балаларын бағуға,
Адалдан нан табуға,
Еңбек етіп өтімді:

Толық

Ардағым

  • 0
  • 0

Алғашқы перзентім ең Ардақ деген,
Жатырсың төмен тартып салмақ-денең.
Көңліңе сүйеу-медет бола ма деп,
Өзіңе өлеңімді арнап келем.

Толық

Жаңа жауған қар іргесі тез іріп

  • 0
  • 0

Жаңа жауған қар іргесі тез іріп,
Былжырады табан асты езіліп.
Тап осындай ауа райы тұсында
Тұрады екен бір кемшілік сезіліп.

Толық

Қарап көріңіз