Ән-әннен әнге шырқау ән әсері
- 0
- 0
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Бұл бетте «Көздеріңе қараймын» атты Ерсайын Майлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Күніндей жаудыраған астананың,
Тәтті бір қылығыңдай жас баланың,
Еркелеп оралды өлең елемей-ақ
Өзгенің маған деген қас-қабағын.
Бал сәби тәрізді бір жөргектегі,
Жасымнан ән мен өлең тербеп мені,
Көгершін көңіл соның қанатында
Арманға бастап алыс келмеп пе еді!
Жақсы ғой шіркін
Көктемнің келіп қақпаны
Айқара ашып,
Адымдап кіріп жатқаны.
Сұлтанахмет
Маған өтте қатты ұнады себебі мағыналы, өте қарапайым тілде жазылған. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін тағыда бұданда жақсы өлең шумақтарын күтетін боламыз.
Марат
Нәзік сезім мен рухани толғанысқа толы поэтикалық шығарма екен