Таң алдында – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Таң алдында» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 948
Еркелейді аққудың балапаны,
Әлдилейді айдын көл алақаны.
Ақ жүзіндей ананың мейірімді,
Аяулы едің не деген, дала таңы!
Қайран көңіл тұнықтан табатын жай,
Таңмен бірге қанатын қағатындай.
Таза болу өмірде қандай қиын,
Тазалықтан алдымен жаратылмай.
Куә болған жақсыға, жаманға да,
Алаңдама, аққуым, алаңдама!
Көз жасындай сәбидің мөлдіреген,
О, табиғат, табынам саған ғана!

1982


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері