Бүгінгі бала – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Бүгінгі бала» атты Ескен Елубаев жазған бала туралы өлең берілген.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 971
Баланың ол зерегi,
Бiлгiрлiгi жетерлiк.
Бiледi бар дерегiн
Көп артистiң шетелдiк.
Танып алған бұл бастан,
Футболистi түгелдей.
Бiзге айтады тынбастан,
Анау пəлен, түген деп.
Телевизор алдында,
Бiлгiрi оның
Бiлгiр-ақ.
Ал, ауылға барды ма,
Ажыратпас бұл бiрақ:
Изен менен
Жусанды,
Қамыс пенен
Қурайды.
Асқабақ пен
Қауынды,
Шатастырып тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері