Бақыт құсы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бақыт құсы» атты Темірхан Медетбек жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 743
Бiз осы
Төбемiзде айналып ұшқан
Бакыт құсымызды
Қондырмай жүрген жоқпыз ба?!
Сонымызбен —
Өзiмiздi-өзiмiз
Оңдырмай жүрген жоқпыз ба?!
Мұнымыз қалай?
Әлде бiз – адасып! –
Басқа бiр нәрсенi
Пiр тұтып қалдық па?!
Өзiмiздiң тасырлығымызбен,
Өзiмiздiн басырлығымызбен
Бақыт құсымызды
Үркiтiп алдық па?!
Алла тағала
Осымызға зауал жiберiп
Жанымызды құрсаулап
Қысып кетсе қайтемiз?!
Бакыт құсымыз — бiздердi! —
Канатымен сабап,
Тұмсығымен шоқып,
Аяғымен теуiп,
Басымызға бiр саңғып –
Кайырылмастан! —
Ұшып кетсе кайтемiз?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері